Басты жаңалықтар

Заңгер Абзал Құспан қамауға алынды

Белгілі құқық қорғаушы Абзал Құспанның қамауға алынғаны туралы қызы Нұрай хабарлады. Оның сөзінше заңгер қазірге он тәулікке қамалған.

" Сәлеметсіздер ме? Бүгін менің әкем Абзал Құспанды 10 тәулікке қамады. Әкімшілік іс бойынша қатысқаны үшін бөлек қылмыстық іс, митинг ұйымдастырғаны және арандатқаны үшін бөлек баға беріледі депті.

Менің әкем өзін танитын барлық қоғам белсенділеріне, елді тыныштандыру үшін ешқашан оқиға орнына бармауды сұрап отыр. Тек қана әлеуметтік желі, БАҚ арқылы сөйлегендері жөн. Себебі, бүгін сізді билік көмектес деп өтініш жасап ертесі күні сол митингіні ұйымдастырушы және арандатушы етіп тануы әбден мүмкін...",- қызы Нұрай делінген хатта.