Басты жаңалықтар

Алматыда полиция басқармасы бастығының орынбасары көз жұмды

Алматыда Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Таңат Назанов қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттікті мәліметінше, қаралы хабарды Алматы қалалық полиция департаменті растаған. "Бүгін 10 қаңтарда сағат 11:00-де Түрксіб ауданыдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Назанов Таңат Жанбайұлы жұмыс орнында жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен қайтыс болды. Өлімге жүрек талмасы себеп болды", - деп хабарлады департаменттен.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменовтің қайтыс болғаны хабарланған еді. Генералдың неден көз жұмғаны белгісіз. Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, мән-жай анықталып жатыр. Одан бөлек, Нұр-Сұлтанда ҰҚК полковнигі өлі күйінде табылғаны хабарланды.