Алматыда Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Таңат Назанов қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттікті мәліметінше, қаралы хабарды Алматы қалалық полиция департаменті растаған. «Бүгін 10 қаңтарда сағат 11:00-де Түрксіб ауданыдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Назанов Таңат Жанбайұлы жұмыс орнында жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен қайтыс болды. Өлімге жүрек талмасы себеп болды», — деп хабарлады департаменттен.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменовтің қайтыс болғаны хабарланған еді. Генералдың неден көз жұмғаны белгісіз. Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, мән-жай анықталып жатыр. Одан бөлек, Нұр-Сұлтанда ҰҚК полковнигі өлі күйінде табылғаны хабарланды.