Батыс Қазақстанда қаруланған экстремистер тобы құрықталды
Радикалдар Қазақстан аумағында теракт ұйымдастырмақ болған, олардың қарулары тәркіленді
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орал қаласында діни экстремистер тобының сегіз мүшесін ұстады, деп KYN.KZ Sputnik сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды Діни экстремистер ұяшығына қарсы арнайы операция дүйсенбі 25 маусымда жүргізілген. Топ мүшелерін ұстау кезінде оқ ататын қару, оқ-дәрі және діни әдебиет табылыпты. "Аталған тұлғалар Қазақстан аумағында бірнеше теракт жасауға дайындалды, терроризмді насихаттап, мүліктік қылмыс жасады деген күдікке ілінген", — деп хабарлады ҰҚК. Ведомство арнайы операция кезінде ұсталған тұлғалардың суретін жариялады.