Басты жаңалықтар

ҰҚК полковнигі Азамат Ибраев өз ауласында өлі күйінде табылды

10 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласындағы өз үйінің ауласында ҰҚК полковнигі Азамат Ибраетың мәйіті табылды, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Аталмыш факті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Есіл аудандық полиция бөлімінде 2022 жылдың 10 қаңтарында тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген комитеттің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменовтің қайтыс болғаны хабарланған еді. Генералдың неден көз жұмғаны белгісіз. Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, мән-жай анықталып жатыр.