Басты жаңалықтар

ҰҚК: Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысқан екі экстремистік топ құрықталды (фото)

Алматы аумағында 2022 жылғы 4-8 қаңтар аралығында болған тәртіпсіздіктерге белсенді түрде қатысқан екі экстремистік топ құрықталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында хабарлады.

"9 қаңтарда, экстремистік әрекетке алдап-арбау, экстремистік ұйымға басшылық ету және оған қатысу, сондай-ақ жаппай құқыққа қайшы акцияларды жүргізу күдігімен бір ұяшықтың 4 мүшесі ұсталды. Тұрғылықты мекендерін тексеру барысында атылатын қару, дыбыс-жарық гранаталар, оқ-дәрілер және діни әдебиеттер заттай айғақ ретінде тәркіленді.

Ұйым жетекшісі халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар, жаппай тәртіпсіздікке белсенді түрде атсалысқан шетел азаматы болып табылады", - делінген хабарламада.