2022 жылдың қыркүйегінен бастап суденттердің шәкіртақысы өседі
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ке, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ке өседі.
Бұл шара президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асады, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
"Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы тағы да 20%-ке өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды", - деді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Ал магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың стипендиясы 195 000 теңгеге дейін өседі.
Еске салсақ, студенттер мен магистранттардың стипендиясы былтыр қыркүйекте көтерілген болатын. Осылайша қазір студенттер 31 423 теңге, магистранттар 76 950 теңге, ал докторанттар 172 500 теңге алады.