Вторник, 30 мая, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қырғыз музыканты Викрам Рузахунов: Бірден жансақтау бөлімінде бірнеше ота жасады

25.01.2022
0
Қырғыз музыканты Викрам Рузахунов: Бірден жансақтау бөлімінде бірнеше ота жасады

Қырғызстандық пионист Викрам Рузахунов еліне жеткеннен кейін бірден аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, бірнеше ота жасатқанын айты. Сөзінше денесінің сау тамтығы қалмаған. Алғашында етқызумен ештеңені сезбедім деген әнші дәрігерлердің өзіне қойған диагноздарды жазып, оқырмандарын қайран қалдырды, деп жазды KYN.KZ

«Адам ағзасы таңғаларлық… 2022 жылдың 10-шы қаңтарында үйіме, отаныма жеткен кезде мен шок жағдайында болып, бүкіл денсаулығым аз уақытта қалпына келердей көрдім. Өзімді-өзім, ағзамды тыңдауға мұршам болмады.Бетімдегі ісіктер мен гемотомаларға арнайы жақпа майларын уақытылы жақсам болды деп ұқтым.

Үлкен ағам Русланның кеңесімен денсаулығымды толық тексеруден өткіздік. Сөйтсем, менің хәлім орташа-ауыр деген қорытындыға келді дәрігерлер. Атап айтар болсам:

Кеуде жарақаты, 5-ші және 6-шы қабырғам сынған.Сол жақ өкпеде пневмоторакс, Сол жақта 7 қабырғамның қоспасында жарық. Өкпмнің 35% қабынған. Бас сүйек пен мидың шайқалуы. Арқа тұсым толық көгерген болатын. Көгергенде де қара-көк болды. Ол жұқа терінің арасындағы майда тамырлардың жарылуы екен.

Тексерген дәрігерлер бірден жансақтау бөліміне жеткізіп, ота жасады. Содан бері үздіксіз ем алудамын. Үш ауруханада емделдім. Дәрігерлер мен жақындарым ғана қандай ауырсынуды көтеруге мәжбүр болғанымның куәсі.

Бүгінгі күнге дейін мен туралы Қазақстандық БАҚ қандай ақпарат таратқанын білмедім. Себебі мені ұстаған күні бар құжатым мен қоса телефондарымды алып алды, сол бойы қайтармады.

Қазір жағдайым жақсарып, есімді жиып келемін. Сосын мұның барын әңгімелеп, елдің назарына түсіп, аянышын оятқысы келіп отыр деп ойламаңыздар. Менің мақсатым, үйде отырып сын мен мін тағатындарға жағдайды түсіндіру.

Сіздер менің және мен сияқтылардың қандай жағдайды бастан кешіргенін білмейсіздер, сондықтан еш баға беруге асықпаңыз. Қазақстанда қалған басқа да азаматтардың болашағына алаңдаймын. Олардың бірі отбасының асыраушысы болса, тағы бірі мүгедек туысының қамқоршысы. Біздің әр сөзіміз олардың тағдырына нұқсан келтіруі мүмкін»,- деп жазды Викрам желідегі парақшасына.

Музыкант қырғыз журналистеріне де қазір бұл жағдай туралы мүлде сұхбат бере алмайтынын айтып, БАҚ өкілдерінен туыстарын мазаламауды сұрады.

Есте болса, қырғыз музыканты Қазақстандағы қаңтар қақтығысында Алматы полициясына ұсталып, тергеуге алынған. Алғашында 90 мың теңгеге мені митингіге шығуға жалдады деп видео үндеу тастаған музыкант кейінен митингіге еш қатысы жоқ болып шықты. Еліне жіберілді. Әуежайдан түскенде күтіп алған тілшілерге, өзі айтқан сөздерді айтуға мәжбүр болғанын түсіндірді. Бірақ ешқандай бүлікке қатысы жоғын, Қазақстанға концертке келгенін айтқан.

Бөлісу4Твит2
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1925 бөлісу
    Бөлісу 770 Твит 481
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1213 бөлісу
    Бөлісу 485 Твит 303
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1153 бөлісу
    Бөлісу 461 Твит 288
  • Оранған бойжеткенді зорламақ болған ұлттық қауіпсіздік қызметкеріне сот үкімі шықты

    1120 бөлісу
    Бөлісу 448 Твит 280
  • Алматыда 19- қабаттан секірген қыз туралы жаңа деректер шықты

    818 бөлісу
    Бөлісу 327 Твит 205
  • 16 жыл бұрын әйелінен айырылған Аманжол Әлтаев неліктен үйленбегенін айтты

    2075 бөлісу
    Бөлісу 830 Твит 519
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    563 бөлісу
    Бөлісу 225 Твит 141
  • Енесіне еркелеген Азамат Сатыбалдының жұбайы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    870 бөлісу
    Бөлісу 348 Твит 218
  • «Енді оларды ешкім алмайды» Имам мектеп бітіру кешінде вальс билеу үрдісін тоқтатуды талап етті

    835 бөлісу
    Бөлісу 334 Твит 209
  • Оранған блогер хиджап кигені үшін ақша берілетінін және арнайы келісімшартқа отырғандарын мойындады

    994 бөлісу
    Бөлісу 398 Твит 249
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.