Басты жаңалықтар

Қырғыз музыканты Викрам Рузахунов: Бірден жансақтау бөлімінде бірнеше ота жасады

Қырғызстандық пионист Викрам Рузахунов еліне жеткеннен кейін бірден аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, бірнеше ота жасатқанын айты. Сөзінше денесінің сау тамтығы қалмаған. Алғашында етқызумен ештеңені сезбедім деген әнші дәрігерлердің өзіне қойған диагноздарды жазып, оқырмандарын қайран қалдырды, деп жазды KYN.KZ

"Адам ағзасы таңғаларлық... 2022 жылдың 10-шы қаңтарында үйіме, отаныма жеткен кезде мен шок жағдайында болып, бүкіл денсаулығым аз уақытта қалпына келердей көрдім. Өзімді-өзім, ағзамды тыңдауға мұршам болмады.Бетімдегі ісіктер мен гемотомаларға арнайы жақпа майларын уақытылы жақсам болды деп ұқтым.

Үлкен ағам Русланның кеңесімен денсаулығымды толық тексеруден өткіздік. Сөйтсем, менің хәлім орташа-ауыр деген қорытындыға келді дәрігерлер. Атап айтар болсам:

Кеуде жарақаты, 5-ші және 6-шы қабырғам сынған.Сол жақ өкпеде пневмоторакс, Сол жақта 7 қабырғамның қоспасында жарық. Өкпмнің 35% қабынған. Бас сүйек пен мидың шайқалуы. Арқа тұсым толық көгерген болатын. Көгергенде де қара-көк болды. Ол жұқа терінің арасындағы майда тамырлардың жарылуы екен.

Тексерген дәрігерлер бірден жансақтау бөліміне жеткізіп, ота жасады. Содан бері үздіксіз ем алудамын. Үш ауруханада емделдім. Дәрігерлер мен жақындарым ғана қандай ауырсынуды көтеруге мәжбүр болғанымның куәсі.

Бүгінгі күнге дейін мен туралы Қазақстандық БАҚ қандай ақпарат таратқанын білмедім. Себебі мені ұстаған күні бар құжатым мен қоса телефондарымды алып алды, сол бойы қайтармады.

Қазір жағдайым жақсарып, есімді жиып келемін. Сосын мұның барын әңгімелеп, елдің назарына түсіп, аянышын оятқысы келіп отыр деп ойламаңыздар. Менің мақсатым, үйде отырып сын мен мін тағатындарға жағдайды түсіндіру.

Сіздер менің және мен сияқтылардың қандай жағдайды бастан кешіргенін білмейсіздер, сондықтан еш баға беруге асықпаңыз. Қазақстанда қалған басқа да азаматтардың болашағына алаңдаймын. Олардың бірі отбасының асыраушысы болса, тағы бірі мүгедек туысының қамқоршысы. Біздің әр сөзіміз олардың тағдырына нұқсан келтіруі мүмкін",- деп жазды Викрам желідегі парақшасына.

Музыкант қырғыз журналистеріне де қазір бұл жағдай туралы мүлде сұхбат бере алмайтынын айтып, БАҚ өкілдерінен туыстарын мазаламауды сұрады.

Есте болса, қырғыз музыканты Қазақстандағы қаңтар қақтығысында Алматы полициясына ұсталып, тергеуге алынған. Алғашында 90 мың теңгеге мені митингіге шығуға жалдады деп видео үндеу тастаған музыкант кейінен митингіге еш қатысы жоқ болып шықты. Еліне жіберілді. Әуежайдан түскенде күтіп алған тілшілерге, өзі айтқан сөздерді айтуға мәжбүр болғанын түсіндірді. Бірақ ешқандай бүлікке қатысы жоғын, Қазақстанға концертке келгенін айтқан.