Басты жаңалықтар

Ләззат Қалтаева сенат депутаты болып тағайындалды

Қалтаева 2001 жылдан бері "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігін басқарады 

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ләззат Қалтаеваны сенат депутаты етіп тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ләззат Молдабекқызы Қалтаева Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген жарлық мәтінінде.

Ләззат Қалтаева кім

Ләззат Қалтаева 1965 жылы 4 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келді.

Еңбек жолын 1987 жылы Фрунзе аудандық мүгедектер қоғамында хатшы-референт, одан кейін басшы орынбасары қызметінен бастады.

1990 жылдан 1997 жылға дейін "Тұмар" ЖШС және "Виктория" ЖШС-де маркетинг инженері болды.

1997- 2000 жылдар аралығында "ДАЭКО" ЖАҚ, "Дәнекер" ЖАҚ, "Қазақстанаудит" ЖАҚ-та бағалы қағаздармен мәміле жасау жөніндегі маман қызметін атқарды.

2001 жылдан бастап – "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі, "Мүгедектігі бар адамдардың Орталық-Азия форумы" ЗТБ төрайымы.