Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты партия төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының төрағасы болып сайланды.
Тоқаев Nur Otan партиясына төрағалық ету аса жауапты жұмыс екенін айтты.
"Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін" - деді ол.
Тоқаевты партия төрағалығына сайлау туралы ұсынысты тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев енгізді.
Айта кетері, елордада Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр.
Съезге бейнеконференция режимінде ел басшылығы, саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдардың өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қосылды.