Ташкентте әйел хайуанаттар бағында аюдың алдына қызын лақтырып жіберді
Аю қамалған жер адамдардан 5 метрге биік темір қабырғамен қоршалған. Аю Ташкент зообағына Бакден жеткізілген. Ол қолға үйретілген, адамдарға мейіріммен қарайтын, бағынғыш жыртқыш екен.
Қоңыр аю қоршауды жағалап қызын көтеріп жүрген әйелді бақылап тұрған. Ол баланы лақтырып жіберген кезде қоңыр аю қызға жақындаған, адамдар айқайлап шулағандықтан қызды иіскеп, алыстау жерге кетіп қалған.
Шу шыққан жерге жедел жиналған зообақ қызметкерлері дереу аюға сүйікті тамағын ұсынып, қоршаудың басқа бөлігіне қамаған.
Бала аюдан ешқандай зардап көрмеген. Тек бес метр биіктен құлағандықтан аздап жарақаты бар. Қазір бала дәрігерлер бақылауында. Зообақ өз кезегінде қыздың медициналық шығындарын өтеп беретіндерін айтқан. Ал, бүлдіршіннің безбүйрек анасы тәртіп сақшыларына жеткізілген. Қазір оның мұндай әрекетке бару себебі анықталып жатыр.
Бұл туралы Ташкент зообағының телеграм каналында жазылды.