Жүктілік кезіндегі токсикоз, жүрек айнуды жеңудің тәсілдері
Кей әйелдер жүкті екенін токсикоздан біледі. Ол әйелдер өздеріндегі жайсыздықтан тіпті тестке де сүйенбейтін кездер болады. Әрине олай өз ағзаңды түсіну жақсы, бірақ мазасыздық жүкті әйелдің жүйкесін жұқартатын бірден - бір мәселенің бастауы. Әйелдер бірнеше типке бөлінеді. Бірі тоғыз ай жүрек айну, бас айналы, әлсіздіктен көз ашпаса, енді біреулер жүктіліктің алғашұы үш айында қиналады. Ал кей әйелдер бұндай қиындықты мүлде білмеуі мүмкін. Бірақ дәрігерлер әр бір екінші әйел токсикозды басынан кешетінін айтып отыр.
Дәрігерлер токсикоздың себебін бірнеше тармаққа бөледі. Бірі жүктіліктің алғашқы апталарында әйелдің психологиялық жағдайы әсер етеді. Екіншіден әйел ағзасындағы гормондық өзгерістер. Үшіншісі генетикалық жалғас. Яғни анасының ағзасындағы жүктілік кезіндегі жайсыздық қызында қайталануы.
Токсикоздың пайдасы да бар. Ол әйел ағзасындағы қажетсіз дүниелерді сыртқа шығарады, онымен қоса токсиндер де шығады.
Ғылыми тұрғыда токсикоздың біреуде болып, біреуде болу себебі нақтыланбаған.
Емдеу жолы:
Алдымен токсикоз басталғаннан дәрігеріңізге қаралыңыз. Жүктіліктің алғашқы апталарында әйел жаңа күйге үйрену үшін ақырын әрі анық қимылдағаны жөн. Мысалы ұйқыны қандырыңыз, дұрыс тамақтаныңыз тіпті төсектен атып тұрмастан жаймен бір қырға ауысып, сосын барып басыңызды, иықты, денені көтеріп отырып барып тұрасыз.
Дәрігерлер бірінші болып B тобындағы дәрумендерді ұсынады. Бұл витамин миды тынықтырып, жүрек айнуын басады, адам өзін жайлы сезінуге көмектеседі. Жүкті әйелдерге арналған қажетті миниралдар мен дәрумендерді береді. Себебі жүктілікке дейін тіс, асқазан, ішектегі аурулар сол жағдайда қозып, адамды әлсіретеді. Ал емдеуге кеш болғандықтан иммунитетті көтеру керек. Әр әйелдің басындағы жеке жағдайға орай сол кісіге ғана арналған дәрумендер беріледі.
Егерде токсикозды елемеуге, өзі кетеді деп көңіл бөлмеуге тырыссаңыз іштегі балаға зияны тиетінін ұмытпаңыз. Өсіп кележатқан ағзаға қажетті ас-ауқат жеткізу әр әйелдің міндеті.