Сағынтаев: Қанды қаңтардағы атыста мені әкемнің әруағы қорғап қалды
- автор kyn.kz
- 31 қаңтар, 2022
- 272
Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында қаңтарда болған қанды оқиғаны енді таразылап, ой түйіп жатқанын айтты.
Сөзінше Алматы әкімдігінің аяғына оқ тиген қызметкері қайғылы оқиға болған сәтте Сағынтаевтың жанында болған. Шенеунік бұл жағдайды бала күнгі әкесінің ізіне түскен киллер оқиғасымен байланыстырады, деп жазды KYN.KZ.
Мен он жаста едім. Оқиға 1973 жылы болды. Сол күні ауылға бардық. Көліктің алдында әкем отырды, арқасындағы орындықта мен болдым. Киллер көлік тоқтаған қашаның арқасында тұрған.
Сол жерде ол бірінші атпақ болып бекінген. бірақ, атпады әкемді. Екінші мәрте оқталған кезде әкем даладағы әжетханаға барған, қайтарында киллер оны екі мәрте атып, жаралады. Кейіннен соттың кезінде жалдамалы қылмыскер "Бірінші рет көлікпен келген сәтте атуым керек еді. Бала жараланады деп қорықтым" деген.
Сол үшін түні бойы үйді күзетіп, әкемнің сыртқа шыққанын аңдыған. Осы жолы оқ жанымдағы адамға тиген кезде Қазақпыз ғой әруаққа сенеміз, мені әкемнің рухы, әруағы жебеді деп түсіндім. Кезінде мен үшін ол оқ тиюден аман қалса, бұл жолы өзі мені қорғап жүрді деп ұқтым. Себебі менде тіпті қорқуға уақыт болмады, үлгермедім. Тек сол өзіме оқтың тигенін күткендеймін. Ғажайыптың арқасында аман қалдым",-дейді Сағынтаев.