Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болды
Ерболат Досаев 2019 жылдан бері Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің төрағасы қызметін атқарған
Алматы қаласының әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалды.
Бұл туралы қаланың жедел штабының Telegram-каналында хабарланды.
Бұған дейін бұл қызметті Бақытжан Сағынтаев атқарды. Ол 2019 жылдың маусымында қала әкімі қызметіне кіріскен.
Айта кетері, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты қала әкімі қызметінен босату туралы тұрғындардың петициясына қатысты пікір білдірді.
Президент Сағынтаев мегаполисте болған тәртіпсіздікке байланысты қиын жағдайға тап болғанын айтты.
"Оны кінәлай алмаймын. Қызметтік міндеттерін атқару жағынан адал адам. Алайда алматылықтардың көңіл-күйін де ескеруге міндеттімін. Сол себепті уақыт келгенде білесіздер", - деді Тоқаев.
Содан кейін Бақытжан Сағынтаев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында қала тұрғындарының сынына жауап берді.
"Сын айтылатынын білдім. Әрине, бәрі аяқталған кезде сын да айтылды, петиция да пайда болды. Мен де адаммын, әрі қарай жұмыс істеуім керек, мен өз жұмысымды жалғастырдым, өйткені қаланы тез қалпына келтіріп, залалды өтеу қажет. Қалай болғанда да, әр сынның пайдасы бар. Ренжідім бе, жоқ па, мен қызметімді атқардым. Жауапкершілікті түсініп, қала тіршілігін қамтамасыз ету керек екенімді білдім", – деді Сағынтаев берген сұхбатында.
Ерболат Досаев туралы не білеміз
Ерболат Асқарбекұлы Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы энергетика институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын "ТұранӘлем Банкі" ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінен бастады.
28 жасында Дасаев Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі болды.
1998 жылы Қазақстанның энергетика, индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды.
2000 жылы Қазақстанның қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды.
2001 жылы – Қазақстан даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы.
2001-2003 жылдары – Қазақстан табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы.
2003 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстанның қаржы министрі, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы болып жұмыс істеді. Осы кезеңде ҚР Ұлттық банкі басқармасының мүшесі қызметін атқарды.
2004-2006 жылдар аралығында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болды.
2006 жылдан 2012 жылға дейін – Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрі.
2013 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2014 жылдан – Қазақстанның ұлттық экономика министрі.
2015 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды.
2016 жылы "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшысы болды.
2017 жылы ҚР премьер-министрінің орынбасары болды.
2017 жылдың қазанында Қазақстан ұлттық банкі басқармасының құрамына кірді. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры директорлар кеңесінің басқарма төрағасы болды.
2019 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды.
дереккөзі:Sputnik