Әйел үш жасар қызын зообақта аюға не үшін лақтырғанын айтты
Жас келіншек зообақтағы аюға қолындағы қызын лақтырып, бүкіл халықтың зәресін ұшырған еді. Оқиға Өзбекстандағы Ташкент зообағында болған. Әйел полицияға мұндай әрекетке баруының себебін түсіндірді, деп жазды KYN.KZ.
Жас келіншектің сөзінше жүйкесі жұқарып, ыза, кекке булыққандықтан өзін ұстай алмаған. Себебі, қыздың әкесі отбасын тастап Ресейге жұмысқа кеткен, содан хабарсыз.. Сол үшін баладан құтылмақ болып қоршаудағы аюға лақтырған.
Баланың көрер жарығы бар екен аю оған мүлде тиіспеген. Қайта көпшілікті қорқытпау үшін баладан аулақ тұрған. Үш жастағы қыз бала қазір дәрігерлердің қарауында. Себебі ол аюдың қорасына қарай бес метр биіктіктен құлады. Денесі сырылып, Ашық бас жарақаты мен миы шайқалған.
Әйел қатты күйзелісте болған. Себебі ол екі баламен жұмыссыз күйде әкесінің үйінде уақытша тұрып жатыр. Ал балалардың әкесінен хабар жоқ. Жергілікті басқарушы орган осыған дейін әйелге бірнеше мәрте азық- түлік көмегін берген.
Ал оның анасына осы әрекеті үшін сот 15 жылға дейінгі абақты мерзімін беруі мүмкін.