Ауғанстанда халық ақша үшін бір бүйрегін, баласын сатуға мәжбүр
Ауғанстан тұрғындары жан сақтау амалын жасап бір бүйректерін, бүйрегін сатып қойғандары балаларын ақшаға алмастыруға мәжбүр. Олар елдегі кедейшіліктен жеуге ас таппай отырғандықтан ең соңғы амалдарға дайын, деп жазды KYN.KZ Daily Mail басылымына сілтеме жасай отырып.
Ауғанстандағы кедейліктің күшейгені сонша адамдар ішер ас таппай туған балаларын сатуға мәжбүр. Көпбалалы отбасыларда аштықтан шетінеп жатқан бүлдіршіндер көп. Ата- аналар бір бүйрегін 1500 АҚШ долларына бағалап, сатқан.
Басылымның зерттеуінде бес адамнан тұратын отбасының ересектері осылайша ағзаларын саудалап, ақысын азық қылған. Ал ағзасын сатып болғандары сол құрлым да аштықтан өліп кетеді деп балаларын сатуға шығарған.
Журналистерге берген сұхбатында сегіз баланың анасы мен әкесі ағзаларын сатып қойғанын айтқан. Енді балаларының бірін сатып, басқаларын сол қаржыға тамақтандырмаса, аштан өледі деген қорқыныштарын айтады. Өйткені оларда басқа сататын дүние қалмаған.
25 жастағы 8 баланың анасы:
"Алты ай бұрын үш жасар балам аштан өлді. Мен енді өзгелерінің көз алдымда қайтыс болғанын қаламаймын. Бір баламды сатсам оны мүмкіндігі бар адам асырап, тамақтандырады деп ойлаймын. Ал оның орнына төленген ақшаға басқаларына тамақ алып беремін. Мүмкін бір өзгеріс болып, алдағы уақытта тамақтан проблема болмайтын жағдай болып қалар. Бірақ ол қашан қалай келері белгісіз.