Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Әр балаға 36 мың теңге: депутат атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайтуды ұсынды

02.02.2022
0
Әр балаға 36 мың теңге: депутат атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайтуды ұсынды

Елде әрбір оныншы бала тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатыр.

Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Динара Зәкиева атаулы әлеуметтік көмекті әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көтеруді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, қазір республикада кем дегенде 625 мың бала, яғни әрбір оныншы бала тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатыр. «Әлеуметтік жағынан осал отбасыларды қолдау тетіктерінің бірі атаулы әлеуметтік көмек екені белгілі.

Бірақ бүгінде оның мөлшері ең қарапайым қажеттіліктердің өзін қанағаттандырмайды. Мысалы, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен, 6 адамнан құралған отбасында атаулы әлеуметтік көмек бәріне 7 мың теңгеден ғана асуы мүмкін», — деді Зәкиева вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында. 

Сонымен қатар ол көмекке мұқтаж азаматтар мемлекеттік қолдау бағдарламаларынан мүлде бейхабар екенін атап өтті.Мысалы, өңірлерге сапар барысында депутаттар 200 отбасының мемлекеттік көмектен құр алақан қалғанын анықтаған. Өйткені олар өз құқықтары мен бағдарламалардан бейхабар, құжаттары жоқ.

Тіпті, Зәкиеваның сөзінше, 10-13 жастағы балаларын еш уақыт мектепке жібермеген отбасылар бар. «Қазіргі таңда 1 миллион 145 мың отбасы өте қиын жағдайда өмір сүріп жатыр. 12 мың бала есепте тұрған отбасыларда тәрбиеленуде. Әлеуметтік проблемалардың шешілмеуі салдарынан балалардың құқықтары жиі бұзылып, зорлық-зомбылыққа тап болады, жетімдер үйіне түседі.

Тек өткен жылдың өзінде күніне орташа есеппен балаларға қатысты 6 қылмыс жасалған», — дейді депутат.Айтуынша, бұған әкімдіктердің отбасы мен балалар проблемасын шешуден алшақтап кетуі себеп.

Өңірлердің алдағы бес жылға арналған аумақты дамыту жоспарларында балалардың қауіпсіздігі, олардың құқықтарын қорғау, отбасы институтын нығайту секілді нысаналы индикаторлар қарастырылмаған. Қазіргі таңда өкілетті органдар Балалар жылына арналған Іс-шаралар жоспарын әзірлеп жатыр. Осыған байланысты Динара Зәкиева бірқатар ұсыныс айтты. 

«Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қолдау тиімділігін арттыру үшін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көтеру қажет. Бұл бір балаға 36 мың теңгені құрайтын болады. Бұған қосымша 225 миллиард теңге керек», -деді ол.

Сондай-ақ депутат өңірлерде Отбасы, жастар және балалар ісі жөніндегі басқарма құруды ұсынды. «Практика көрсетіп отырғандай, уақытылы және үйлесімді көмек оң нәтижесін береді, отбасы мен баланы өмірлік қиын жағдайдан алып шығуға көмектеседі», — деді Зәкиева.Бұдан бөлек, ол өңірлердің аумағын дамыту жоспарларына отбасы институтын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаларға қатігездікпен қараудың алдын алу бойынша нысаналы индикаторларды енгізу қажет екенін айтты.

Дереккөзі:Sputnik.com

Бөлісу7Твит4
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3845 бөлісу
    Бөлісу 1538 Твит 961
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2114 бөлісу
    Бөлісу 846 Твит 529
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1680 бөлісу
    Бөлісу 672 Твит 420
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1589 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 397
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1475 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1107 бөлісу
    Бөлісу 443 Твит 277
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.