Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматыда ауруханада бес ай тұрған баланың әкесі табылды

03.02.2022
0
Алматыда ауруханада бес ай тұрған баланың әкесі табылды

Екі жасар баланың әкесі Алматыға былтыр күзде жұмыс істеуге келген. Сол кезде қала көшелерінде баласымен бірге жүріп баспана мен жұмыс іздеген.

 Бірнеше айдан бері Алматыдағы ауруханалардың бірінде тұрған баланың әкесі табылды. Енді ол кішкентай Тәңірбергеннің әкесі екенін дәлелдеу үшін ДНҚ тапсыруы керек.Бұл оқиға қоғамда қызу талқыға түсті, содан кейін ер адам байланысқа шықты.

Оның сөзінше, екі жасар баласынан бас тартпаған және оны ауруханадан алып кетуге уәде берген. Алайда алдымен баланың әкесі екенін дәлелдеуі қажет, деп хабарлады КТК телеарнасы.

«Бастапқыда баланың құжаты болмағандықтан, енді әкесі екенін дәлелдейді – бала екеуінен ДНҚ сараптамасы алынады. Негізінен оның баланы алып кетуге толық құқығы бар.

Себебі әкесі ата-ана құқығынан айырылмаған және оған қарсы ешкім арыз жазбаған. Егер әкесі екенін дәлелдесе, баланы алып кете алады», — деді Алматы қаласының №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының заңгері Рүстем Балтабаев.

Ал оған дейін кішкентай Тәңірберген мамандандырылған балалар үйінде тұрады. Қазір оны сол жаққа ауыстыруға дайындап жатыр. Баладан сараптама алынды, сондай-ақ коронавирустың бар-жоғын да анықтайды.Бала алғашқы құжатын – туу туралы куәлік алды. Тек «әкесі» деген тұста сызық қойылған.

Өйткені бес айға жуық уақыт бойы баланы іздеп ешкім келмеген. Дәл сол уақыттан бері бір жарым жасар Тәңірберген аурухана палатасында тұрды.Баланың әкесі ДНҚ тапсыруға дайын.»Жағдайға бей-жай қарамағандарға алғысым шексіз, алайда ұлымды өзім тәрбиелеймін. Қазір қажетті құжаттарды жинап, оны алып кетуге дайынмын. Қажет болса, ДНҚ тестін тапсырамын. Тәңірбергеннің 100% менің ұлым екеніне сенімдімін. Осы уақытқа дейін ай сайын ауруханаға келіп жүрдім. Дәрігерлер оны біледі», — деді баланың әкесі Мейірбек Тілепбаев.

Кішкентай сәбидің бірнеше айдан бері ауруханада тұрып жатқаны туралы әлеуметтік желі арқылы белгілі болды. Баланы ауруханада әкесі қалдырған. Әке мен бала қыркүйекте полиция қызметкерлерінің назарына іліккен – олар ауа райына сай киінбей жүрген.

Сол кезде ер адамның тұрақты тұратын жері жоқ екені анықталды. Ал Алматыға Жамбыл облысынан табыс табуға келген. Ер адамның сөзінше, баланың анасы кетіп қалған.Содан кейін баланы ауруханада қалдырып, әкесі алып кетуге уәде берген.

Медициналық мекемеге екі рет келіп, баланы балалар үйіне бермеуді сұраған.Айта кетері, бұған дейін полиция баланың Жамбыл облысында тұратын әжесін тапты.

Бөлісу8Твит5
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2207 бөлісу
    Бөлісу 883 Твит 552
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1246 бөлісу
    Бөлісу 498 Твит 312
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2136 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Жигули Дайрабаев үйімді тартып алды деген азамат сотта мәжілісменді жеңді

    971 бөлісу
    Бөлісу 388 Твит 243
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1789 бөлісу
    Бөлісу 716 Твит 447
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    904 бөлісу
    Бөлісу 362 Твит 226
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    892 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес

    733 бөлісу
    Бөлісу 293 Твит 183
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
  • Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты

    699 бөлісу
    Бөлісу 280 Твит 175
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.