Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы болды

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы болды
ашық дереккөз

Парламент сенаты Қазақстан президентіне Ұлттық банк төрағасына Ғалымжан Пірматовты тағайындауға келісім берді.

 "Конституцияның 44-бабына сәйкес, сенаттың келісімін алу үшін президент Ұлттық банк төрағасына үміткер ретінде Ғалымжан Пірматовты ұсынып отыр", - деді президент әкімшілігінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов сенаттың жалпы отырысында. Сенат депутаттары Пірматовтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Ғалымжан Пірматовтың өзі денсаулығына байланысты сенат отырысына келе алмады.

Сүлейменовтің айтуынша, ол коронавирустан емделіп жатыр. Кейінірек президенттің Ғалымжан Пірматовты тағайындау туралы жарлығы шықты."Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Айта кетері, Конституцияға сәйкес, Ұлттық банктің төрағасын Қазақстан президенті парламент сенатының келісімімен тағайындайды. Бұған дейін Ұлттық банкті үш жыл бойы Ерболат Досаев басқарды. Жуырда ол Бақытжан Сағынтаевтың орнына Алматы қаласына әкім болып барды.

дереккөзі: Sputnik.com

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар