Басты жаңалықтар

Баладағы анемия белгілері: анемияны анықтау үшін тапсырылатын анализ түрлері

Дәрігердің қабылдауында болатын балалардың 80%-ті анемия. Бірақ анасы жүкті кезінде гемоглобиннің жақсы болғанын, анализдер қорытындысы бойынша айтады. негізі жүкті әйелдің бойындағы гемоглобин көрсеткіші ағзададағы темір азайып, адам әбден қалжырағанда барып түседі екен.

Егер ересек адамның шашы түсіп, жиі тұмауратып, тамаққа тәбеті болмай, басы айналса демек оның ағзасында темір жетіспеушілігі бар деген сөз.

Үш жасқа дейінгі бала жиі ауырады деп шағымданбас бұрын, анемия бар ма соны анықтау керек.

Прелатентті темір жетіспеушілік-қордағы темір азая бастайды. Оны анализдегі мына белгілерден байқауға болады.

Темір, ОЖСС (Общая железо связывающая способность сыворотки) трансферрин қалыпты. Жалпы қан анализінде де өзгеріс жоқ.Тек, Фериритин төмен немесе қалыптының төменгі жағында. Анализ қорытындысының осы кезеңінде ешқандай аса белгі болмайды. Бастапқы өзгерістер көріне бастайды.

Адам ағзасында анемия жетіспеген кездегі анализдегі өзгерістер: Ферритин төмен болады. Темір төмен. ОЖСС жоғары. Трансфферин төмен. жалпы қан анализінде гемоглобин төмен. эротроцит төмен. Гематокрит төмен. МСV төмен. МСН төмен. МСНС төмен. RDW жоғары. ЭТЖ (СЩЭ) жоғары.

Темір жетіспеушілігін, анемияны анықтау үшін тапсырылатын анализдер:

Жалпы қан анализі (Эритроцитарлық индекспен (ОАК с эритиндексом)

Фериттин

Сарысулық (сывороточное железо)

ОЖСС

Трансферрин

Егерде бұл кезде балаңыз тұмауратып немесе басқа да аурулар мазалап жүрген болса жазылған кезде тапсырасыз. Бала ағзасы ешқандай вируспен күресіп жатқан болмауы керек.