Баладағы іш қатуды емдеу, болдырмау жолдары
Баланың іші қатса сабын салып, клизма жасау дегенді қазіргі медицина дұрыс емес деп жатыр, деп жазды KYN.KZ
Баланың іш қатуының алдымен типін анықтау керек. Содан кейін барып оны емдеудің жолдарын таңдаймыз.
Іш қатуды ажыратудың жолдары:
Баланың үлкен дәреті қатты, құмалақ сияқты, балады отыруға қорқу, ішек айналасындағы ауырсыну, ұзақ уақыт үлкен дәретке отырмаған кезде құсу.
Егер емшектегі бала үлкен дәретке 7 күн отырмаса, ересектер 2 күннен артыққа кетсе. Бірақ нәжіс қатты болмаса бұл жерде ешқандай проблема жоқ.
Егер баланың нәжісі жиналып, қатты болып, тым үлкен көлемде болса Микролакс сиқты заттапмен клизма жасау керек.
6 айға дейінгі балалардың іші қатуына себептер:Сиыр сүтіне аллергия болуы мүмкін. Д витамині жетіспейді немесе тым көп. Анасының тамақтануы және смесьтің құрамы жақпауы мүмкін.
Емі: Ішке массаж, анус массажы. Анасы тұтынатын тамағын реттеуі керек. Дұрыс смесь таңдалу қажет.
Алты айдан асқан балалар жаңадан қосымша тамақ жей бастайды. Сол кезде де іш қатуы болады.
Емі: Смесь көлемін азайтып, жаңа піскен алма, киви, өрік беру керек. Және суді жиі беріңіз.
Бір жастан асқан балада іш қатқан кезде алма, киви, құрғақ жемістер, қара өрік, клубника бересіздер. Суды балаға мөлшермен беріп үйрену керек. Мысалы 1 кг салмаққа 50мг су.
Іш қату болмас үшін күріш, ұн өнімдері, бананды азайту керек.
Массажды балаға тамақ қабылдау алдында жасайсыз.