Басты жаңалықтар

Атышулы Баян Мақсатқызы екінші күйеуімен де айырылысып кетті

Баян: "Бақытты күндер үшін рахмет, өкінішті..."

Атышулы продюсер екінші жұбайы Түрсен Алагөзовпен ара-қатынасын тоқтатқаны рас па? Бұл туралы Баянның желіде жазбасына сүйене отырып KYN.KZ хабарлайды. Өткен жылдың ең шулы оқиғасына арқау болған Баян және Түрсен Алагөзовтардың некесі болатын. Баян Мақсатқызы 22 жыл отасқан жарынан бас тартып, Алагөзовпен отау құрған болатын. Дегенмен бүгін белгілі продюсер желідегі парақшасында: "Бақытты сәттер үшін рахмет, қолымыздан келмегені өкінішті...", - деп жазды. Ол парақшасында осылай қысқа ғана қайырды. Байқауымызша атышулы жұп айырылысып кеткен секілді. Сонымен қатар екеуі бір-бірінің Instagram парақшасындағы достар тізімінде жоқ болып шықты.  width= Баянның бұл жазбасына желі қолданушылары "Не болып қалды?", - деп жазып, таңданысын жасырмады.