Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Отбасына азық алу үшін: Ауғанстанда әкесі 9 жасар қызын 55 жастағы ер адамға 2200 АҚШ долларына сатты

Отбасына азық алу үшін: Ауғанстанда әкесі 9 жасар қызын 55 жастағы ер адамға 2200 АҚШ долларына сатты
ашық дереккөз

Ауғанстанда әйелдердің әсіресе кішкентай қыз балаларының өмірі күн санап қорлыққа толы. Олар тіпті балалықты, ойынды, еркелікті, тәттіге тойып алаңсыз жүруге зар деп жазды CNN басылымына сілтеме жасап KYN.KZ.

Дағдарыстың өршігені сонша әйелдер, есін білген қыз баланың барлығы қарыз құтылатын немесе азық сатып алатын валютаға айналған.

Абдулла Маликтің отбасында сегіз жан. Ол өзінің 9 жасар қызы Парвана Маликты 55 жастағы ер адамға 2200 АҚШ долларына сатуға келісіп қойған. Ер адам бұл ісінің дұрыс емес кенін біледі, бірақ амалым жоқ деп отыр.

"Менің тұрақты жұмысым, табысым жоқ. Алты баланы аштан өлгенін күткенше Парвананы сатуға, тұрмысқа беруге ұйғардым. Оның күйеуі Парвананы ұрмауға, жақсы тамақтандырып, асырап бағуға уәде етті. Мені қатты алаңдататыны үлкен ұлымның қарызы бар.

250 мың АҚШ доллары көлемінде. Ол қазір осы қарызды өтеуге ұмтылып, жұмыс істеу үшін басқа қалаға кетті. Ал алашағы бар адам кішкентай 4 қыздың барлығын бересің деп күнде қорқынышта ұстап отыр. Айтуынша ең үлкені оған әйел болады, қалғандары оның балаларына тиесілі болады.

Түнде уайымнан ұйқым қашқан. Не істерімді білмеймін",- дейді Парвананың әкесі Абдулла Малик.

Отбасының қыздары есін білгеннен ағаларының қарызы жайлы жиі естіген. Аиша есімді Парвананың сіңлісі өзінің еркіндігі үшін жастайынан ұлдарша киініп, шашын тым қысқа алдырып жүретін болған. Олар бала болса да, қара бастарының қауіпсіздігіне өте алаңдаулы. Үйлеріне бөтен адам келсе төртеуімізді алып кетеді деп тығылады екен.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар