Басты жаңалықтар

Алматыда белсенділер "Досаев, кет!" деген ұранмен митингіге шықты(видео)

Алматыда қаралы қаңтардан кейін бірінші рет рұқсат етілген митинг өтіп жатыр. Бұл жолы Алматы тұрғындары "қала әкімін өзіміз сайлауымыз керек" дегенді алға тартуда, деп жазды KYN.KZ.

Көпшілік Ерболат Досаевты Ұлттық банкті басқарған кезде халық пікірі мен талаптарына немқұрайлы қарап, тіпті елемегін еске алады.

Халық Ғалымдар үйінің жанына жиналған. Үлкен жүк көлігін қойып, сөз алғандар соның үстіне шығып пікірлерін жеткізуде.

Сөздерінше бұған дейін алматылықтар өз әкімдерімен байланыста бола алмаған. Келген әкімнің бәрі жоғарыдан сайланып, тек жоғарының айтуын орындаумен болған.

"Біз ешқашан әкімімізбен ашық байланысты көрмедік. Осыған дейінгі барлық әкім Үкімет саясаты есеп үшін жүргізумен болды. Халық басқа шеткеріде қалып қойды. Әкім деген халықпен жұмыс істеу керек. Есеп үшін емес, ел қамы үшін. Егер әкімдер халықпен санасып, мәселелерді шешсе есеп өзі дайын. Бірақ бізде ондай мәселе шешу мақсат емес",-деп күйінді митинг қатысушыларының бірі.

Бейбіт шеруге жиналғандар арасында Қаңтар оқиғасынан кейін тергеуге жабылғандардың туыстары да сөз алды. Олар жазықсыз адамдар ертерек үйлеріне жіберілсін деп ұрандатты.

Тағы бір адам жүк көлігінің үстіне шығып, биліктен қаза болғандардың есімі жазылған тізімді талап етті. Бірақ көпшілік оны арандатушы деп атап, мінберден күштеп түсірді.

Көпшілік 21 ғасырда өмір сүргендіктен қала әкімін ашық сайлау арқылы таңдау бастамасын көтерді. Сондай-ақ ондай сайлауға халық дайын екені ескертілді.

Ал, Алматы қаласының бұған дейінгі әкімі Бақытжан Сағынтаев Қанды қаңтар оқиғасынан кейін орнын босатқан еді.