Тоқаевтың орынбасары Гегель мен Бабельді ажырата алмайтын кәсіпкерге мысал болып, ұятқа қалды (фото)
Президент Тоқаевтың ҚХА (Қазақстан халқы Ассамблеясы) бойынша орынбасары әрі Алматы облысы бойынша мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер әрі меценат Закиржан Кузиев желідегі парақшасында қарапайым өзі сөйлеп жүрген тілде әріптесімен қоштаспақ болып, ұятқа қалды, деп жазды KYN.KZ
Оқиға былай болған, "Атамекен" ҰКП (Ұлттық кәсіпкерлер палатасы) Алматы облысы бойынша жетекшісі Ләззат Шыңғысбаева орнынан кететініне байланысты әріптестері мен желідегі парақшасында қоштасқан. Көпшілік оған ақжарма тілектерін жаудырып, алдағы өмірі мен жаңа жұмысына табыс, жақсылық тілеп жатты.
Сол тұста Облыстық мәслихат депутаты Закиржан Кузиев те үн қатып қалған. Бірақ, сәтсіз шыққаны сонша жақында ғана президент Тоқаев айтқан Гегель мен Бабельді шатастыратын қалталы кәсіпкерге мысал болды.
Президент кәсіпкерлермен кездесуде Гегель мен Бабельді шатастыратын, арнайы білімі жоқ, бірақ бір басында бірнеше кәсібі барлар туралы айтып еді.
Араға көп уақыт салмай оған өзінің орынбасары мысал болды.
Депутат әрі қалталы кәсіпкер, Қазақстан халқы ассамблеясы бойынша президенттің орынбасары тоғыз сөз жазып, оның төртеуінен қате жіберген.
Суреттер сөйлесін:
Тілектің толық нұсқасы:
Көпшілік мұны талқыға салғанымен мәслихат депутаты үн қатқан жоқ,