Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мұхтар Тайжан: Тоқаев экономикалық логиканы бұзып, қателіктер жасап жатыр

Мұхтар Тайжан: Тоқаев экономикалық логиканы бұзып, қателіктер жасап жатыр
ашық дереккөз

Экономист Мұхтар Тайжан көпшілікке Қазақстан бойынша халықтың тұрмыс жағдайы еш өзгермейтінін айтты. Сөзінше қазіргі президент Тоқаев экономиканы дамыту бойынша дұрыс шешімдер шығарып жатқан жоқ. Қайта өз сөзіне өзі қайшы тұстар көп дейді экономист.

Оның сөзінше, экономикалық ахуалға өзгеріс әкелетін заңдар қабылданып, әрекет дер кезінде жасалмаса бейбіт шеруге шығатындар қатары қайта көбейеді екен, деп жазды KYN.KZ сайты.

"Достар, экономист ретінде мен Сіздерге шындықты ашық айтуым керек. Президент Тоқаев бүгін өткізген үкіметтің кеңейтілген отырысы нақты көрсетті: елімізде экономикалық саясат өзгермейді. Демек, еліміздің экономикалық ахуалы жақсармайды. Халықтың экономикалық күнкөрісі өспейді, жастарға жаңа жұмыс орындары пайда болмайды, ауыл жұртына жайылымдар босатылмайды. Бұл үкіметтен үмітім жоқ.

Өкінішке орай президент Тоқаевтың өзі (бәлкім экономист болмағандықтан) экономикалық логиканы бұзып көп қателіктерді жасап жатыр. Реформаның бірыңғай экономикалық концепциясы жоқ, ғылымдар бұны эклектика дейді.

Мысалы, шетелден ұрланған ақшаны қайтарыңдар деп, ұлт көсемі туралы заңды өшіргісі келмейді. Бірақ сол ақшаны кім ұрлап шетелге тығып қойды? Бірінші отбасының өкілдері емес пе? Сонда сол бірінші отбасыға заң бойынша тисе алмай, қай құқықтық тәсілдермен ақшаны елге қайтарасыздар? Логика қайда?

Мен болсам арым таза, мен өз ұсыныстарымды ауызша да жазбаша да жеткіздім, осында ашық та жаздым. Бірақ үкімет пен Президент Әкімшілігі менің ұсыныстарыма құлақ асқан жоқ.

Жақсы, бәлкім менікі бұрыс болуы мүмкін. Сірә мен экономиканы қақпаймын, ол да мүмкін ғой. Бірақ менікі дұрыс болса маған уақытында айтпады демеңіздер.

Менің ойымша, әлеуметтік себептермен елде халықтың наразылығы тоқтамайды, керісінше күшейеді. Себебі экономикалық жүйе өзгерген жоқ, өзгергісі де келмейді. Бірақ бәрімізге уақыт қана төреші",-деп жазды экономист Мұхтар Тайжан.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар