Әуелбекова: Кешегі жол апатында қызымның әкесі меннен бұрын көліктің жағдайын сұрап, қымбат тұратынын айтып ренжітті
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жол көлік оқиғасына тап болып, біраз қорқып қалғанын айтты. Желідегі парақшасының бір тәулік ғана тұратын бесіне сол оқиғадан суреттер салған. Сол сәтте әншінің оқырмандары амандығын сұрап, біреулері уайымдағандарын жазған.
Әнші бірақ, оындай жылулық пен қамқорлықты қызының әкесі көрсете алмағанына қынжылысын білдірді, деп жазды KYN.KZ.
"Кешегі мен түскен ДТП (Жол көлік оқиғасы) жайлы сторисімді қарап, жағдай сұрасып, қолдап жатқандарыңызға рақмет. Негізі, түбінде бұл жерде мәселе сол темір немесе 5.000.000 тг де емес қой…
Мені қыңжылтып тұрғаны, көлікті маған сыйлаған қызымның әкесіне: "аварияға түсіп қалдым" - дегенде, "өзің амансың ба, тірісің ба" - деп сұрауға шамасы келмеді… "Қай жерін соқтың, қатты соқтың ба, қанша тұрады білесің бе сен" - деп темірін сұрап әлектенді… Айтарға енді басқа сөзім жоқ.
Соңғы нүктесі осы. Аллаға тапсырдым. Алла әділ. Реттейді. Тек сабыр мен уақыт керек. Осымен бұл тақырып енді жабық!",-деп жазды әнші.