Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Иранда ер адам 17 жастағы әйелінің басын кесіп алып, онымен қала көшелерін аралады

Иранда ер адам 17 жастағы әйелінің басын кесіп алып, онымен қала көшелерін аралады
ашық дереккөз

Оқиға Иранның Ахваз қаласында болған. Біраз уақыт бұрын әйел күйеуінің озбырлығынан қашып, Түркияда жүрген. Ер адам оның қайтуын талап етіп, қайын атасына барған. Қыздың әкесі әйелді Иранға алдырып, күйеуіне беріп жіберген.

Ер адам әйелін қаладағы алаңға алып барып, басын пышақпен кесіп алған. Қаны сорғалағаны басты алып, қала көшелерін аралаған. Қызды осылайша қорлап өлтіруге күйеуінің ағасы көмектескен. Қазір олар екеуі де полиция басқармасында. Ол өзінің осыншалықты қатыгездікке барғанын "отбасылық жанжал" деп түсіндірген.

Иран заңы бойынша ер адам әйелі көзіне шөп салған кезде соғып, дене жарақатын сала алады. Сонымен қоса әйелінің жанында болған ер адамды да солай жазалай алады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар