Екібастұздағы Маугли-балалардың немен ауыратыны, неге жүрмегені анықталды
Екібастұзда табылған балалар барлық қажетті азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім және ойыншықпен қамтамасыз етілген, деп хабарлады "VITA" павлодарлық волонтерлер өз аккаунтында.
"Біздің павлодарлықтар мен облыс тұрғындары әркез өздерінің жанашырлығымен ерекше көзге түсіп келеді. Бірнеше күннен бері қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан Екібастұз қаласындағы отбасы бойынша балалардың денсаулығына алаңдағандардан әлі де сұрақтар түсіп жатыр. Біздің директ пен ватсапқа балаларға көмек бергісі келетіндерден көп хатып келіп жатыр", - деді волонтерлер.
Волонтерлер павлодарлықтар қандай тамақ пен киім-кешек қажет екенін сұрап жатқанын айтты.
"Балалардан пневмония мен рахит анықталды. Қазір оларда бәрі бар. Есімін жария етпеуді қалаған мейірімді жандар барлық қажеттімен қамтамасыз етті. Баршаңызға рақмет!" – деп жазды павлодарлық еріктілер.
Бұған дейін жергілікті дәрігерлер төрт баланы тексеріп коронавирус пен пневмония жұқтырғандарын анықтаған еді.
Дереккөзі:Sputnik