Басты жаңалықтар

Төрт түлік туралы мақал мәтелдер

Қазақ халқы төрт түлік малды өз тұрмысында аса қадірлеп, қастерлеген. Оған байланысты түрлі өлең жолдар, мақал, мәтелдер де көп, деп жазды KYN.KZ сайты.

Есі кеткен ешкі жияр,
Ешкісімен есін жияр.

Нар жолында жүк қалмас.

Ат ерінді келер,
Ер мұрынды келер.

Айғырды неден салсаң,
Атты содан мінерсің.


Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.


Ары тартсаң өгіз өледі,
Бері тартсаң арба сынады.


Соңғы түйенің жүгі ауыр.


Түйе ботасымен жарасты,
Тамақ батасымен жарасты.


Бағы тайған адамды,
Түйе үстінде ит қабар.


Ат жаманы таймен ойнар.


Ат тұяғын тай басар.


Есек семірсе, иесін тебер.

Ер тұрманы алтын болса да,
Есектің есек аты қалмас.

Есекті өсек десең,
Иесінің көңіліне келер.


Тегін келген аттың тісіне қарама.


Сыйыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.


Өгізге туған күн,
Бұзауға да туады.


Ешкі бастаған қой,
Егінге түседі.


Қойшы көп болса,
Қой арам өлер.


Екі қошқардың басы,
Бір қазанға сыймайды.


Қойдың қойдан несі артық,
Қол басындай еті артық.


Ерден ердің несі артық,
Ойлап айтқан сөзі артық.


Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айрылыпты.


Айдағаның бес ешкі,
Ысқырғаның жер жарады.

Тай тайға жеткізер,
Тай құнанға жеткізер,
Құнан атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.


Бір қозы туса, бір түп жусан артық өсер.
Бір бие үйдікі, екі бие елдікі.


Бір биеде екі емшек, бірі кетсе сүті жоқ. 

Бір түйеде екі өркеш, бірі кетсе күші жоқ.


Түйе сілкінсе, бір есекке жүк қалар.
Жүйрік ат бірде ат, бірде қанат