Басты жаңалықтар

Жаңылтпаш:Балаларға, тілді жаттықтыруға арналған жаңылтпаштар

Айым шәйнек сындырды,
Қайым әйнек сындырды.
Шәйнекті Айым сындырды,
Әйнекті Қайым сындырды.

– Сатыбалды кеше неше дәптер сатып алды?
Сатыбалды кеше неше кептер атып алды?
– Сатыбалды кеше көп дәптер сатып алды,
Сатыбалды кеше көк кептер атып алды.

Үш қыз да ұшқыш,
Ұшқыш та үш қыз.
Үш қыз – ұшқыш,
Ұшқыш – үш қыз.

Шын айтты ма?
Сын айтты ма?
Шын айтса да,
Сын айтса да,
Шыны – сын,
Сыны – шын болсын!

Талап салақ-ты,
Оқымайды сабақты.
Самат талапты,
Жақсы оқиды сабақты.
Талап салақ-ты,
Самат талапты.

Көктемеде
Көк пе төбе?
Көк төбеде –
Көп бетеге,
Бетегеге
Көк жете ме?

Оралдан оралған олардан
Омаржан оң көріп,
Он бөрік,тор беріп, тон алған.

Бір топ тобыр  
Опыр ­топыр
Көпірде отыр, 
Жиналған көп нөпір
Не деп отыр?  
«Аты – көпір,  
Көпірде көпір» 
Деп кеп отыр.

Іздеп ек бір-бір құр,
Қу екен құр құрғыр.
Таптырмай қырдан құр,
Қайттық біз құрдан-құр.