Басты жаңалықтар

Жұмбақтар: Балаларға жасырып ойнауға арналған жұмбақтар

Таңдайы тақ, тақ,
Талмайтын неткен жақ!
Бір өзінде екі тіл,
Сөйлемейді бірақ. 

жауабы:Сағат

Ағайынды жетеуінің
Жұмысы бар бесеуінің,
Жұмысы жоқ екеуінің. 

жауабы:Апта

Тауда жүрген тарғыл аң,
Ол – қайратты ....

Жауабы: Қабылан

Секунды жоқ
«Тық-тық» еткен.
Есесіне
«Қыт-қыт» еткен.
Қанаты бар,
Сағаты бар. 

жауабы: Әтеш

Дабылға тез жететiн,
Жалынға сүңгiп кететiн.
Қақалса да түтiнге,
Тайсалмайтын батыл кiм,
Жасқанбайтын батыр кiм? 

жауабы: Өрт сөндiруші

Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп

 жауабы: Күн

Жана-жана түнде,
Таусылды ол мүлде.

 жауабы: Шырақ

Көлбең-көлбең етеді, 
Гүлден ұшып жетеді. 
Гүл шырынын сорады, 
Соған риза болады. 

жауабы:Көбелек

Қыпша белді,
Қыбыр жүрісті.
Тыным алмайды,
Тындырмай жұмысты. 

жауабы: Құмырысқа