140 балл алған алматылық ару жоғары ұпай жинаудың құпиясымен бөлісті
Ол "Алтын белгі" үміткері болмаған
Бір қызығы, бірде-бір сұрақтан мүлт кетпеген қыз "Алтын белгі" иегері емес екен. Шиара Құдайбергенованың айтуынша, ол ең жоғарғы балға үш жыл бойғы тыңғылықты дайындығының арқасында қол жеткізген. "Бұл еңбектің жемісі деп білемін. Қанша жыл еңбек, ата-анамның үмітін ақтадым, ұстаздарымның үмітін ақтадым, мектебімнің абыройын көтердім", - дейді мектеп бітіруші түлек. География мен математика пәндерін ерекше сүйіп оқитын қыз оқушыларға өз кеңесін де айтып өтті. "Келесі жылы тапсыратын түлектерге айтарым, тестті ғана жаттамай, кітаппен де жұмыс істегендері дұрысырақ болады", - дейді Шиара. Еске сала кетейік, Шиара Құдайбергенқызы 25 маусым күні Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 ұпай жинап, рекорд орнатқан еді.