Балаларға арналған құттықтау өлеңдер мен тілектер
Бәсеке өмір дегенің,
Алды бол сол бір жарыстың.
Мәреден сені көрейін,
Туын тік, балам, намыстың.
Жақсыға көңіл марқайған,
Жұлдызға қолың соз, балам.
Суырыла озғын ортаңнан,
Сөнбес отың маздаған.
Көгере берсін көсегең,
Жабысқын арман жалына.
Құлының жақсы десе мен,
Биіктей түсем тағы да.
Үмітім сенсің ертеңгі,
Сенімнің жықпа жалауын.
Өмірдің өзі өлшеулі,
Байқап біл бәрін, қарағым.
Марқайсын ата-анаң да,
Мақтансын жолдас-жораң да.
Пайдаңды тигіз адамға,
Пайдаңды тигіз қоғамға.
Көктегі жасын тәрізді,
Жарқ ете білгін, ұқтың ба?
Тәлкекке салып әлсізді,
Бас иген өмір мықты ұлға.
*** *** *** ***
Алда барын ұмытпағын, жарығым,
Дос пейілін қабағынан танығын.
Ата-анасын сыйламаған – ақымақ,
Ешкімге де жасай алмай қайырым.
Ар аттама,
Иманыңды кірлетпе,
Жексұрын боп жеті атаңды тілдетпе.
Ары таза, арманы асқақ азамат,
Бөленеді қошемет пен құрметке.
Ұқ, мәнін,
Ақиқаттың ақ жолын шықпағанын.
Аруақтарды шығармасаң жадыңнан,
Онда, қалқам, кісілікті ұнатқаның.
*** *** *** ***
Жалғызымды сағынғанда
Еске түсіп істеген барлық қылық
Ұлым-ау әкең ойлап жүр сағынып
Түске кірсең шын көргендей қуанамын
Құлыныма менсіз үйде кім жүр тиісіп.
*** *** *** ***
Балаларымыздың тұңғышы, суымыздың тұнығы ..... деген баламыз бүгін міне ..... жасқа келіп отыр. Әулетіміздің асқар таудай айбаты, ағайын-туғанға қамқор, қорған, сүйенеріміз. ..... келініміз алтын асықтай ұл, қырмызы қыз өсіріп, бір отбасының береке-бірлігін кіргізіп отырған ана, ер азаматының абыройына абырой қосып отырған асыл жар. «Тілеуі көптің аты бәйгеден келеді» демеуші ме деді, ендеше тілеуқор ата-анаң мен бауырларыңның ақ тілегін қабыл алғайсың. Екеуіңнің бір-біріңе деген сыйластықтарың таусылмасын, қалған ғұмырларыңда табандарың тасқа тимей, бір жастықта қартаюды жазсын.