Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Балаларға арналған құттықтау өлеңдер мен тілектер

13.02.2022
0
Балаларға арналған құттықтау өлеңдер мен тілектер

Бәсеке өмір дегенің,
Алды бол сол бір жарыстың.
Мәреден сені көрейін,
Туын тік, балам, намыстың.

Жақсыға көңіл марқайған,
Жұлдызға қолың соз, балам.
Суырыла озғын ортаңнан,
Сөнбес отың маздаған.

Көгере берсін көсегең,
Жабысқын арман жалына.
Құлының жақсы десе мен,
Биіктей түсем тағы да.

Үмітім сенсің ертеңгі,
Сенімнің жықпа жалауын.
Өмірдің өзі өлшеулі,
Байқап біл бәрін, қарағым.

Марқайсын ата-анаң да,
Мақтансын жолдас-жораң да.
Пайдаңды тигіз адамға,
Пайдаңды тигіз қоғамға.

Көктегі жасын тәрізді,
Жарқ ете білгін, ұқтың ба?
Тәлкекке салып әлсізді,
Бас иген өмір мықты ұлға.

*** *** *** ***

Алда барын ұмытпағын, жарығым,
Дос пейілін қабағынан танығын.
Ата-анасын сыйламаған – ақымақ,
Ешкімге де жасай алмай қайырым.

Ар аттама,
Иманыңды кірлетпе,
Жексұрын боп жеті атаңды тілдетпе.
Ары таза, арманы асқақ азамат,
Бөленеді қошемет пен құрметке.

Ұқ, мәнін,
Ақиқаттың ақ жолын шықпағанын.
Аруақтарды шығармасаң жадыңнан,
Онда, қалқам, кісілікті ұнатқаның.

*** *** *** ***

Жалғызымды сағынғанда
Еске түсіп істеген барлық қылық
Ұлым-ау әкең ойлап жүр сағынып
Түске кірсең шын көргендей қуанамын
Құлыныма менсіз үйде кім жүр тиісіп.

*** *** *** ***

Балаларымыздың тұңғышы, суымыздың тұнығы ….. деген баламыз бүгін міне ….. жасқа келіп отыр. Әулетіміздің асқар таудай айбаты, ағайын-туғанға қамқор, қорған, сүйенеріміз. ….. келініміз алтын асықтай ұл, қырмызы қыз өсіріп, бір отбасының береке-бірлігін кіргізіп отырған ана, ер азаматының абыройына абырой қосып отырған асыл жар. «Тілеуі көптің аты бәйгеден келеді» демеуші ме деді, ендеше тілеуқор ата-анаң мен бауырларыңның ақ тілегін қабыл алғайсың. Екеуіңнің бір-біріңе деген сыйластықтарың таусылмасын, қалған ғұмырларыңда табандарың тасқа тимей, бір жастықта қартаюды жазсын.

Бөлісу4Твит3
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    858 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 215
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.