Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депутат Дариға Назарбаева тағыда Мәжіліс отырысына қатыспады

Депутат Дариға Назарбаева тағыда Мәжіліс отырысына қатыспады
ашық дереккөз

Мәжіліс отырысында бүгін тағы да Дариға Назарбаева болмады. Ол осы жылдың басынан бері жұмыста төбе көрсетпеген, деп жазды KYN.KZ.

"Депутат әліде ақысыз демалыста" деген жауап алған Sputnik тілшісі төменгі палатаның баспасөз қызметінен.

Есте болса, бұған дейін Дариға Назарбаеваның жұмысқа келмеу себебіне қатысты бірнеше себептер айтылған еді. Алғашында ол коронавирус жұқтырды. Тұңғыш президенттің қызы кейіннен емделіп жатыр деген ресми ақпарат берілді.

Назарбаеваның әріптесі Айдос Сарым "оның отставкаға кеткені жөн болады" деген еді. Бірақ, қазірге дейін Дариға назарбаеваның Мәжілістегі орны сақтаулы тұр.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар