Он жасар бала инені жұтып қойып, екі тәулік ата-анасына айтуға қорқып жүрген
Он жасар бала инені жұтып қойып, екі тәулік бойы үйдегі үлкендерге айтуға қорқып жүрген, деп жазды KYN.KZ.
Екі тәулік өткенде барып бала анасы мен әкесіне айтқан. Үйдің ересектері бірден баланы алып, ауруханаға барған.
Рентген түсірілімі ине баланың асқазанына түсіп кеткенін анықтаған. Дәрігерлер бірден инені эндоскопиялық тәсілмен алуға кіріскен. Қазір он жасар баланың жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп жоқ.