Бұдан былай баласы сабаққа қатыспаса ата-анасы айыппұл төлейді
- автор kyn.kz
- 16 ақпан, 2022
- 235
Қазақстандықтар мектеп оқушыларының ата-анасына балалары себепсіз сабақтан қалса, айыппұл салынады деген ақпарат таратып жатыр.
Елдегі кейбір мектептерде бұл туралы айтылған деген ақпарат тарады. Stopfake.kz сайты хабарлағандай, бұл шындыққа жанаспайды.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елімізде мұндай жаңашылдық жоспарланбаған.
«Біз бұл ақпаратты растамаймыз» деді министрліктің баспасөз қызметі.
Бұл қазақстандықтардың жақында отбасылық қатынастарды реттейтін заң жобалары туралы жалған ақпарат таратуы бірінші рет емес. Мәселен, бұған дейін Қазнетте ата-анаға балаларын жазалауға заң жүзінде тыйым салынады. Ал мектеп оқушыларын сабақтан жасырын түрде белгісіз жаққа алып кетеді деген жалған ақпарат тараған болатын.
Сондай-ақ, балаларына екпе салудан бас тартқан ата-аналар психиатриялық диспансерлерде күштеп емделетіні, егер бала сабаққа кешігіп немесе жалғыз жүрген болса, ата-анасы оны тәрбиелеу құқығынан айрылады деген ақпараттар да болды.