Алматы облысында жасөспірім қызды зорламақ болған зейнеткер ұсталды
- автор kyn.kz
- 17 ақпан, 2022
- 219
Алматы облысында 14 жастағы қыз балаға қысым жасап, арам ойын іске асырмақ болған күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Алматы" арнасына сілтеме жасап.
Аталған факт бойынша өтініш полицияға 15 ақпанда түскен. Қарасай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті деген ер адам ұсталды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол - Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ оның жеңіл көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды.
Қазір күдіктіге қатысты іс қозғалып, істің мән-жайы тергеліп жатыр.
"Автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар, ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 124-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Істің мән-жайын толықтай анықтау мақсатында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әбілтай Әбенов.