Алматы облысында жасөспірім қызды зорламақ болған зейнеткер ұсталды
Алматы облысында 14 жастағы қыз балаға қысым жасап, арам ойын іске асырмақ болған күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Алматы" арнасына сілтеме жасап.
Аталған факт бойынша өтініш полицияға 15 ақпанда түскен. Қарасай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті деген ер адам ұсталды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол - Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ оның жеңіл көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды.
Қазір күдіктіге қатысты іс қозғалып, істің мән-жайы тергеліп жатыр.