Алматы облысында 14 жастағы қыз балаға қысым жасап, арам ойын іске асырмақ болған күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны болып шықты, — деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі «Алматы» арнасына сілтеме жасап.
Аталған факт бойынша өтініш полицияға 15 ақпанда түскен. Қарасай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті деген ер адам ұсталды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол — Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ оның жеңіл көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды.
Қазір күдіктіге қатысты іс қозғалып, істің мән-жайы тергеліп жатыр.
«Автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар, ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 124-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Істің мән-жайын толықтай анықтау мақсатында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деді ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әбілтай Әбенов.