Журналист Дәулет Болат Жәмішевке: Біз онлайн садақа сұраушыға айналдық, халыққа нақты көмек қашан болады?
Журналист әрі инстаграм желісінде қарапайым халыққа баспаналы болуда қажетті ақпараттар беріп отыратын Дәулет Төлеубайұлы "Қазақстан халқына" қорының басшысы Болат Жәмішевке шүйлікті.
Ол өз сөзінде "Балалар жылы" еш ескерілмейтіні, көптеген ата-аналар ауыр дертке шалдыққан балаларына емге қаржы таппай оқырманы көп блогерлерге жүгінетінін айтты. Ол өз сөзінде журналистер мен блогерлер "Жаңа Қазақстанның онлайн садақа сұраушыларына айналды" деді.
Дәулет Төлеубайұлы сөз соңында Жәмішевтен қарапайым халыққа қашан нақты көмек көрсетілетінін сұрады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Қазақстан халқына" қорының Ресми құрылғанына бір айдан асты. Бірақ, осы аралықта нақты Қазақстан халқына көрсетілген бірде - бір көмекті байқамадым. Есесіне, "Біз министрлік қасында отырмыз, сол себепті орташа жалақымыз 587 000 теңге, әрі бұл тым көп көрінуі мүмкін, бірақ біз айлықтан басқа премия да алмаймыз" деп отырсыз..
Қор басшысы Болат Жәмішев зум арқылы өткізген бірнеше жиналысқа қатыстым. Барлығы орыс тілінде сайрап отыр. Үш, төрт адам қазақша сөйлеп отыр.
Білесіз бе, менің дайрегім көмек беріңізші деп еміне ақша сұрағандардың хатына толды. Ватсапқа да күн сайын хаттар келуде. Қаншама ата-ана баласын емдегісі келіп шыр-пыр болып жүр. Президент биыл "Балалар жылы" деді, бірақ сөз жүзінде қалып отыр. Қаншама белсенді, блогерлер күні-түні тікелей эфирге шығып, ауырған балаларға ақша жинап, жаңа Қазақстанның онлайн садақа сұраушыларына айналып баражатырмыз.Әйтеуір қарапайым халық болып бір жыртығымызды жамап жатсақ, бір жеріміз жыртылып жатады.
"Қазақстан халқына" қорына олигархтар мен бай компаниялар ақша аударуы керек деген-ді. Бүгінде жиналған ақша:120 000 000 000 ( 120 миллиард). Бірақ, бұл ақшадан сіздердің айлықтарыңыз бен жалға алған ғимараттың ақысы ғана төленіп жатыр. Қарапайым халыққа нақты көмек қашан болады?",- деп жазды журналист Дәулет Төлеубайұлы.