Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қазақ" лақапатымен танымал Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде 6 жерден атқан

"Қазақ" лақапатымен танымал Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде 6 жерден атқан
ашық дереккөз

16 ақпанда Қазақстандық ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде фитнес клубтың күзетшісі атып тастаған. Спортшыға 6 жерінен оқ тиген, - деп хабарлайды lenta.ru басылымы.

Басылымның мәліметінше, спортшы мен фитнес клуб күзетшісі арасында жанжал болған. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

30 жастағы Дүйсембаевқа 6 жерден оқ тиген. Қазір ол Мәскеу ауруханаларының бірінде жансақтау бөлімінде жатыр. 

Көпшілікке "Қазақ" лақапатымен танымал Бағдат Дүйсембаев әуесқойлар арасындағы ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетеді. Ол барлығы жеті кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен. 

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар