Ұлды болғысы келген жүкті әйел емшінің кеңесімен өз басына өзі шеге қақты
Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясының полицейлері ұл баланы дүниеге әкелу үшін өз басына өзі шеге қаққан әйел мен оған осындай кеңес берген емшіні іздеп жатыр.
Бұл туралы KYN.KZ сайты Dawn басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Қазір видео және компьютерлік түсірілім бойынша басында шеге қадалып тұрған әйелді іздеу жұмыстары жүріп жатыр" деді полиция.
Полиция бұл жағай бойынша әлеуметтік желіде тараған рентген түсірілімінен білген. Елде басында шеге қадалып тұрған әйелдің суреті үлкен талқыға түскен.
Полиция басшысы Пешавара Аббас Ахсан әйелдің басына шегені қағып берген емшіні де іздеп жатқандарын айтты. Әйелді медициналық тексеруден өткізген дәрігердің бұл ақпаратты полицияға дереу неге бермегені түсініксіз.
Әйел жедел жәрдеммен ауруханаға түскенде қансырап келген. Ол өз сөзінде бас сүйекке шеге қақса ұл баланы дүниеге әкеледі дегенге толық сенетінін, тіпті ауылдасын мысалға келтіріп айтқан. "УДТ (УЗИ) ауылдас әйелге құрсағындағы бала қыз деген еді. Бірақ осылай шеге қаққаннан кейін ол ұл баланы дүниеге алып келді" деген науқас әйел дәрігерлерге.
Дәрігерлер әйелдің үш қыз баланы дүниеге алып келіп, өсіріп отырғанын айтқан. "Күйеуі "төртінші бала қыз болатын болса ажырасамыз" депті. Сол қорқыныштан әйел емшіге барып, осындай тәуекелге барған. Емші өз кезегінде әйелге шеге мен оны басқа қағатын кезде айтылатын сөздерді жазып берген. Әйел үйінде оқшауланып, соның бәрін емші айтқандай орындаған. Ішінде үш айлық баласы бар әйел айқайға басқан кезде, туыстары оны қансырап жатқан жерінен тауып алған",- дейді дәрігерлер.