Аты даулы ең жас депутат Мәди Ахметов қаңтарда қаза болғандардың рухына құран бағыштап, құрбан шалды
Бұл туралы депутатт желідегі парақшасында жазды. Алматыға іс-сапармен келген ол қаңтар қырғынында мерт болғандардың рухына құран бағыштап, құрбандыққа қой шалды, деп жазды KYN.KZ.
– Алматыдағы іс-сапарымды қаңтар оқиғасында бақилық болған марқұмдардың рухына құрбан шалып, құран бағыштаудан бастадым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын, – деп жазды ол.
Мәди Ахметов 1995 жылы 18 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика факультетін аяқтаған. Мәжіліс депутаты лауазымына тағайындалғанға дейін ерікті болған, «Жас Отан» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы лауазымында жұмыс істеген.