Басты жаңалықтар

Ертісбаев: Мәсімов өте қу адам. ҰҚК Тоқаевты қорқытып, сатып кетті

Ұзақ жылдар бойы Тұңғыш президенттің кеңесшісі болған Ермұхамед Ертісбаев елдегі Қаңтар оқиғасынан кейінгі жағдайларды саралап, өз болжамын айтты, деп жазды KYN.KZ

Сөзінше Қазақстан бойынша ұйымдастырылған митингтерді ҰҚК білген, және оның соңы қантөгіске ұласатынын жоспарлаған. Өйткені Мәсімов бастаған топ Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікті тастап кетуін жоспарлаған.

"Мен Мәсімовті 90 жылдардан бастап, АТФ банкті басқарғаннан бері жақсы танимын. Ол өте интеллигент және қу адам. Тоқаевқа 20 мың террорист кірді деген ақпаратты ҰҚК Кәрім Мәсімов басқарған орган берді.

Олар мұндай ақпаратты беру арқылы президентке қысым көрсетіп, қорқытуды көздеді. Олардың жоспары бойынша Тоқаев Ақорданы тастап, бас сауғалап кетуі керек еді. ҰҚК мен барлық күштік құрылым қазіргі президентке қарсы жұмыс істеп, сатқындық жасады",-деді Ертісбаев.