Басты жаңалықтар

Жетісайда аудан әкімі ғасыр жасаған әжейге жаңа жылдан қалған тәттілерді cыйлады

8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамында ғасыр жасаған әжейді қуантпақ болған әкім елдің сынына қалды. Ол қарияларды қуантамын деп, көпшілікті ренжітіп алған сияқты деп жазды KYN.KZ.

Тұркістан облысына қарасты Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбектің мерекелік сыйлығы өзіне сын болды. style=

Желі қолданушылары әкімдіктің желідегі парақшасына салған постына түрлі пікірлер жазып жатты.

 style="Ең құрғанда ана ораманы ашып, жаңа жылға қатысты суреттерді алып тастаса қайтеді. Жүзге жақсындаған аналарды улап алмасын әкім мырза. Қарапайым сыйлықта осындай олқылық болса, әкімнің басқа жұмыстарын ел көрмей жүрген ғой" деген сынды пікірлер жазылды.

Ал жаңа жылдан қалған сыйлықты алған әжейлер өздерін әкімнің өзі құттықтауға келгеніне қуанса керек, ақ баталарын беріп, әдемі шығарып салыпты.