8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесінде әр әйел заты әдемі құттықтау мен көңіл күйді көтеретін жақсы, жұмсақ, тәтті тілектерге лайық. Әйел заты жақсы сөзге балаша қуаным, аз-кем кемшілігін жасырып, жақсылығыс асырсаң оны мың есе қайтаруға асығып тұратын ақкөңіл жандар. Өзіңізге жақын әйелдер қауымын ең құрғанда әдемі сөзбен қуантыңыз.
Ана - бақыт, ана - өмір, ана - гүл. Әлем болып тойлайтын Халықаралық мерекеде барша әйелдер қауымын жүрекжарды тілектерімізбен, әуелі әндерімізбен құттықтаймыз! |
Жақсы әйел ер жігітке береді екпін!
Келіп тұр сені құрбым, елеп өткім.
Ұл туып,
Қыз өсіріп,
Ене күткен,
Сен алтын кеней сынды кереметсің!
Оны жұрт білмесе де мен білемін,
Былғансын жаялыққа жең-білегің!
Бесікте бақыт-балаң жатсын құрбым,
Төрт бөліп түн ұйқыңды елжірегін.
Осылай үлкен боп берік тұрғын,
Би етіп жан-жарыңды еліктіргін.
Жан құрбым, бір сен үшін жер түбінен,
Бір ауыз тілек үшін келіп тұрмын...
Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, жүрегің көктемдей жайнасын.
* Арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын!
* Құрметті кыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!