Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Әжелерге арналған өлеңдер мен әдемі құттықтаулар

07.03.2022
0
Әжелерге арналған өлеңдер мен әдемі құттықтаулар

Әже деген ең қасиетті ұғым. Әжесін мерекесінде құттықтауға асыққан адамның ниетінің өзі оны алға сүйрейді. Әже ең әдемі әрі асыл сөздердің бірі. Әжелерге ән, жыр, дастан, күй, шығарма арнаған өнер адамдары өте көп.

Өйткені әже қамқорлығы мен мейірімін көрген бала ақылды, зерек, тарихтан хабары бар зиялы адамға айналады. Өйткені әже өз немересіне мейірім, махаббат, білім нәрін сеуіп, тәрбиенің дәнін егетін нағыз бағбан.

Әже
І
Тоқыпты әжем алаша,
Бояуы қанық тамаша.
Көктемгі кемпірқосақты
Әжеміз жерге жасапты.
ІІ
Әже, әже, жатпашы,
Ауыр ойға батпашы.
Болайын мен дәрігер,
Десең; «Шипа дәрі бер!» —
Дәрі жасап берейін,
Бәрін жасап берейін.
Ауыртпаймын әжемді,
Ауырмайсың, әже, енді.
ІІІ
Ауылға шақырған кім?
Біздің Бәпи әже.
Сусынға ішкізгені не?
Қымыз, тары көже.
Не жегізді сыйлап?
Балқаймақ пен құймақ…
М. Әлімбаев

Әжесінің сабағы
Ойыншықтың жиып ап жана түрін,
Түсіндірді ұлына ол ақырын:
Болса егер де қоянда қанша құлақ,
Соншасының мысықта болатынын.
Сәбилердің мінезі десек түрлі,
Қызықтырмас дәл мұндай есеп кімді:
Болса егер де сиырда қанша мүйіз,
Құлағы сонша екен есектің де.
Тағы айтады ұлына ойланып ап,
Болса егер де қанша доп қолда мына:
«Адамда да сонша бас бар, — дейді ол,-
Тек онымен болмайды ойнауыңа!»
Ж. Нәжімеденев

Аналардың анасы
Әпкем — әже баласы,
Әкем — Әже баласы.
Апамыздың ағасы –
Ол да әжемнің баласы.
Анам дейді мамашым:
Әже деген шамасы –
Аналардың анасы.
Ә. Табылдиев

Әжем туралы әңгіме
Саусағы сары ала жүзікті,
Әрдайым жайдары,
Жаз өнді,
Көп ертек білетін қызықты
Көрсеңдер аяулы әжемді!
Әлдекім әжемнің шашына
Әдейі бор жағып қойғандай.
Кимешек тартқандай басына
Болады ақша бұлт қонғандай.
Куәгер кешегі заманға,
Әжеңнен кәрі адам жоқ дейді.
Ал жасын анықтап санауға
Қолынан түспейді жүргенде
Бұрышқа апарып қояды
Даладан бөлмеге кіргенде.
Қ. Баянбаев

Әже
Сығырайған көзі көрінбей
Томар — томар былшықтан,
Отырса, бойы аспайды
Қолындағы ұршықтан.
Алдындағы көженің
Көрінбес беті қылшықтан.
Көжесін татпай әженің,
Жан болмайды құр шыққан?!
Сендер де тыңда, тентектер,
Тыйылып біраз шолжақтан.
М. Жұмабаев

Бөлісу5Твит3
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.